auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" допинг-сынақтан өте алмағаны үшін жазаланды

"Канело" допинг-сынақтан өте алмағаны үшін жазаланды
© Eurosport
Невада штатының атлеттер комиссиясы (NSAC) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің допинг ісі бойынша алғашқы шешімін шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Наурыз айының басында Альварестің 17 және 20 ақпанда тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол деген тыйым салынған заттың табылғаны хабарланған. Боксшының командасы мұны желінген еттің құрамында болды деп түсіндірген. Келесі үш допинг-сынақты мексикалық АҚШ-та тапсырып, онда тыйым салынған зат табылмаған.

Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайердің хабарына қарағанда, Альварес 10 сәуірге дейін уақытша шеттетілген, осы кезде оның мәселесі бойынша комиссия кездесуі өтеді. NSAC басшысы Боб Беннент бұл мәліметті BoxingScene басылымына растап отыр, мексикалық не телефон арқылы жауап береді, не отырысқа өзі келіп қатысады.

10 сәуірде NSAC Альварестің уақытша шеттетілуіне қатысты қорытынды шешім шығарады. Ал осы аптада ұйым оның промоутері Эрик Гомеспен және Головкиннің промоутері Том Леффлермен кездесті.

Мұның алдында Головкин осы мәселе бойынша маңызды мәлімдеме жасаған еді. Оның айтуынша, бірінші жекпе-жектің алдында Альварестің бұлшықеттерінде иненің іздері болған. Сонымен қатар, ол Альварес пен Оскар Де Ла Хойяны өтірікшілер деп атады. Сондай-ақ, бірінші жекпе-жекте тең түсті деп шешім шығарғандарды түрмеге қамау керегін айтқан.

Осыдан кейін Альварес жаттығу кезінде түсірілген видеоны Instagram арқылы жариялады, ол видеоның астына балағат сөздер жазған. Екі хабарлама да Golden Boy промоутерлік компаниясының парақшасында қайталанды, ол компанияның президенті Эрик Гомес бұған дейін Головкинге сес көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама