auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" допинг дауына қатысты ісі аяқталған соң кездесулерін Лас-Вегаста өткізбейтін болады

"Канело" допинг дауына қатысты ісі аяқталған соң кездесулерін Лас-Вегаста өткізбейтін болады
©:blogs.rdxsports.com
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) алдағы уақыттағы кездесулерін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізбеуі мүмкін, деп хабарлайды boxingnews24.com порталы. 

Боксшы допинг дауына қатысты Невада штатының Атлеттер комиссиясының алдында жауап беретініне назары болып отыр. Себебі, "Канело" допингтің ағзасына бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда. 

Алдағы бір тәулікте өтетін жиын қорытындысыан кейін "Канело" Невада штатында үлкен кездесулерін өткізбейтін болады. Мұнда ол Лас-Вегас қаласында кездесулерін өткізетін еді. Енді жиыннан кейін мексикалық боксшының Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы Техас штатына ауыстыруы мүмкін. Бұл жерде ол бұған дейін бірнеше кездесу өткізген. 

Еске салайық, БАҚ "Канелоның" ертеңгі жиында жазасы бір жыл болуы мүмкін екенін айтты. Бірақ боксшы алты ай ғана өтеп, қалғанын айыппұл ретінде төлейтін болады. 

Айта кетейік, мексикалық Сауль "Канело" Альварес Головкинмен кездесуден бас тартқан соң, отандасымыз 5 мамыр күні кездесу өткізуге бел буған болатын. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталмады. Өткен аптада тіпті жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін деген ақпарат да шыққан еді. Өйткені, жекпе-жектің өтуіне уақыт аз қалды. Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін деген боксшылардың қатарында ирландиялық Гэри О’Салливан болды. Дегенмен де кейін ол кездесуден бас тартты.

Содан соң отандасымыздың қарсыласы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) болады делінген. Тіпті америкалық боксшы WBC және WBA ұйымдарынан рұқсат та алған. Бірақ IBF түбі армениялық боксшы кездесуге қатысуға рұқсат бермеді. Өйткені, Головкиннің IBF белбеуінің негізгі қарсыласы украиналық Сергей Деревяченко. Бұл мәселенің барлығы алдағы бір тәулікте Альварестің ісі қаралғаннан кейін шешілуі керек.

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу дәл осы Лас-Вегас қаласында өтіп, тең аяқталған болатын. Бұл боксшылар арасындағы екінші кездесуде осы қалада өтуі керек еді. Бірақ допинг дауына байланысты бұл кездесу өтпейтін болды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама