Профи-бокс
3 сәуір 2018 15:58
 
"Канело" допинг дауына қатысты мәселеге бірінші рет ашық жауап беретін болды

  Пікірлер

blog.share

"Канело" допинг дауына қатысты мәселеге бірінші рет ашық жауап беретін болды Сауль Альварес. Сурет: HBO Boxing

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) тілшілерге арналған баспасөз жиынын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ақпан айында Альварестің қанынан спортшыларға тиым салынған кленбутерол дәрумені табылған еді. Боксшының командасы бұл дәруменнің боксшының қанына бұзылған ет арқылы түскенін айтты. Содан соң Альварес үш рет сынақтан өтіп, үшеуінде де оның қаны таза болды. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы "Канелоны" 18-сәуірге дейін жекпе-жектерден шеттетті. Дәл сол күні оның ісіне қатысты сот отырысы өтеді. 

"Golden Boy сейсенбі күні Альварестің қатысуымен баспасөз жиыны өтетінін хабарлады. Біз онда боламыз", - деп жазды Los Angeles басылымының тілшісі Лэнс Пагмайер парақшасында. 

Айта кетейік, Альварес бұл жиында допинг дауына қатысты бірінше рет ресми жауап береді. Бұған дейін оның командасы бірде бір тілшіні оның Сан-Диегодағы (АҚШ, Калифорния штаты) жаттығу залына кіргізбей қойды. 

Допинг дауына қатысты жалғыз пікірді Альварес допинг-сынақтан кейін білдірген еді. Ол кезде мексикалық боксшы таза екенін дәлелдеймін деді. 

Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының Альварестің ісі қалай аяқталысына қарамастан 5-мамыр күні шаршы алаңға шығуға дайындалып жатқанын хабарлады. Олардың екінші кездесуі де Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған. 9 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды.

Жарнама

Живи спортом!