"Канело" Чавестен де қашқақтай бастады
Мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес жақын арада Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін келісім шартқа қол қоятынын айтты, себебі, ол өзінің отандасының қойған шарттарының барлығына келіскен, - деп жазады boxingscene.com.
Мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес жақын арада Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін келісім шартқа қол қоятынын айтты, себебі, ол өзінің отандасының қойған шарттарының барлығына келіскен, - деп жазады boxingscene.com.
Тарқатып айтатын болса, бұл кездесуді ұйымдастыру үшін Чавес салмақ тастауға келісті. Басында екі тараптың келісімі бойынша жекпе-жек негізі 165 фунтта өтуі керек болатын. Бірақ, кейіннен "Канело" сөзінен айнып, салмақты 164 фунтқа дейін түсіруді талап еткен. Нәтижесінде жекпе-жек 164,5 фунтта өтетін болыпты.
Сонымен қатар, екі боксшының өкілдері жекпе-жектің сыйақы мәселесін де шешіп қойған көрінеді. Чавестің айтуынша, ол "Канеломен" болатын жекпе-жек үшін алты миллион доллар және PPV қаралымдарынын өз пайызын алады.
"Менде әзірге келісім-шарт жоқ. Алайда біз Сауль қалаған барлық шарттарға келістік. Салмақты 165 фунттан 164,5 фунтқа дейін түсірдік. Менің кепілдендірілген табысымды шештік, бірақ, бұл сома мен қалаған ақшаның небәрі 20-30 пайызы ғана еді. Бірақ, бәрібір ол келіспей жатыр. Сонсоң маған көп адамдар Альварестің Головкинге істеген әрекетін (Альварестің Головкиннен қашып жүрген сәтін меңзеп) алдына келтір дей бастады. Бірақ, мен ондай әрекетке бармадым. Мен бұл жекпе-жекке дайынмын. Маған тек құжаттарды реттеп, жекпе-жектің өтетіндігі туралы келісім-шарт жасау ", - деді Чавес.
Еске салайық, кеше Twitter желісінде мексикалық боксшылар арасында жанжал шыққан еді. Альварес Чавеске келісімшартқа тезірек қол қоюын талап еткен, ал Чавес болса оған қарапайым болуға кеңес берген, себебі, Альварес Головкиннен қашып жүр.
Жарнама