auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Канело" Чавеспен өткізген жекпе-жегі үшін қанша пайда тапты?

Бұл кездесу үшін Альварес 10 миллионнан көп пайда түсірген көрінеді.

"Канело" Чавеспен өткізген жекпе-жегі үшін қанша пайда тапты?
©BJPenn.com
Fightsaga.com сайты мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен (49-1-1, 34 КО) өткізген жекпе-жегі үшін қанша пайда тапқаны көлемінде жаңа деректерді жариялады. 

Бұл екі мексикалық боксшының жекпе-жегі 6 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткен. Кездесуді НВО арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша таратты. 12 раундтың қорытындысы бойынша жекпе-жекте төрешілердің бір ауыз шешімі бойынша "Канело" жеңіске жетті. Ал алдын ала мәлімет бойынша бұл кездесуді ақылы жүйе бойынша бір миллион көрермен тамашалапты. 

Бұған дейін Чавеспен жекпе-жегі үшін Альварес бес миллион доллар көлемінде нақты белгіленген сыйақы алатыны хабарланған еді. Одан бөлек, "Канело" PPV сатылымнан түскен пайданың пайызын да алады. Сонымен қатар оған жекпе-жекті көрсеткен мексикалық арналардан да сыйақы тиесілі. Осының бәрін есептей келе Альварестің бұл жекпе-жектегі жалпы табысы 12 миллион долларға жетіп отыр.

Басылым тура осындай көлемдегі пайданы (8-12 миллион доллар) Альварес 2013 жылы өткен америкалық кіші Флойд Мейвезерге қарсы өткен кездесуде де тапқанын айтады.  

Өзінің кезекті кездесуін "Канело" 16 қыркүйек күні өткізеді. Оның қарсыласы орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) болады. Жекпе-жекті НВО арнасы PPV жүйесі бойынша көрсетеді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар