DAZN Group басшысы Джон Скиппер "Канелоға" 40 миллион сыйақы беруге дайын. Бірақ, ол үшін мексикалық боксшының қарсыласы мықты болуы керек. Қазір екі тарап Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші кездесуді ұйымдастыруды қарастырып жатыр.
Компания 40 миллион доллар көлеміндегі сыйақыны Саульге екінші орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері британдық Каллум Смитке қарсы кездесу үшін де беруге дайын емес. Бірақ компания басшылары бұл боксшының кандидатурасын мақұлдаған еді.
Инсайдер Майк Коппинджердің (The Athletic) мәліметі бойынша, DAZN басшылары "Канеломен" қарым-қатынасын бұзғысы келмеген. Тіпті Альвареске Йылдырымды қарсылас етіп таңдауға да рұқсат берген. Бірақ ол үшін мексикалық боксшы сыйақысын 50 пайызға қысқартуға рұқсат етуі керек.
Айта кетейік, Альварестің келесі кездесуі 12 қыркүйек күні өтуі мүмкін. Оның командасы DAZN компаниясымен болып жатқан проблемаларға қарамастан бұл күнге белгіленген кездесу кейінге шегерілетіні туралы ешқандай ақпарат таратпады.