"Канело" Биволмен реванш туралы ойын айты

©instagram.com/canelo

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен екінші кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Бивол бірінші Хильберто Рамиресті жеңіп алсын. Мен Рамирестің жеңгенін қалаймын. Оған сәттілік тілеймін. Биволмен реванш? Мен екінші кездесуде еш қиындықсыз жеңе аламын", - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene порталы. 

Еске салайық, "Канело" соңғы жекпе-жегін 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкинмен өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар