"Канело" Биволға қарсы кездесуде жеңілмегенін мәлімдеді

©DAZN

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы 31 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес жартылай ауыр салмақта WBA белбеуі үшін өткен кездесуде Дмитрий Биволдан жеңілмегенін мәлемдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Мен бұл кездесуде жеңдім. Мүмкін төрт немесе бес раундта ұтылған шығармын. Бірақ жекпе-жекті толық ұтылмағаным анық. Соңғы раундтарға келгенде аздап шаршап қалғандай болдым. Алайда шаршы алаңда жалпы өзімді жақсы сезіндім. Бұл салмақ маған біраз қиын болған сияқты. Сол үшін де мен өзім 100 пайыз жақсы қырымнан көрсете алмадым", - деп келтіреді Сауль Альварестің сөзін DAZN

Еске салайық, кеше Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Сауль "Канело" Альварес карьерасында екінші мәрте жеңілді. Оның еншісінде 57 жеңіс бар. "Канело" ең бірінші рет 2013 жылы Флойд Мейвезерден ұтылған еді. Ал кеше болған айқаста ол 113-115 есебімен есе жіберді. Ресейлік Дмитрий Бивол болса карьерасында 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Ол кәсіпқой бокста жеңілмеген. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар