Супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволмен (20-0, 11 KO) болған кездесуі туралы пікір білдірді, деп жазады "Чемпионат" порталы.
Еске салайық, бұл кездесу 8 мамыр күні өтіп, Бивол "Канелоны" төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Айқастан кейін Альварес бірден реванш талап етті. Бірақ, "Канело" енді 17 қыркүйек күні Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) кездесіп, ресейлікпен қарымтаны кейінге қалдырды.
"Жақсы жекпе-жек өткіздім деп ойлаймын. Әсіресе алғашқы раундтарда. Бірақ одан кейін шаршай бастадым. Содан да жеңілдім. Тіпті бір ғана раундта үстем болған сияқтымын. Қазір айту қиын. Бірақ, мен негізі жақсы кездесу өткізген сияқтымын", - деді Альварес.