Профи-бокс
13 маусым 2022 15:52
 
"Канело" бәрібір жеңіледі. Белгілі бапкер Альварес - Бивол қарымтасы жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Канело" бәрібір жеңіледі. Белгілі бапкер Альварес - Бивол қарымтасы жайлы ©instagram.com/canelo/

Америкалық бапкер Андре Розье екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО)  пен жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) арасындағы екінші кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады vRINGe.com тілшісі. 

Танымал бапкер екінші кездесуде де мексикалықтың жеңісіне сенбейтінін айтты. 

- "Канело" мен Бивол арасындағы реванш туралы айтсаңыз. Екінші кездесуде не болады?

- Мен бұл жекпе-жекті көргім келмейді. 

- Неге?

- Менің ойымша, "Канело" Биволмен 15 рет кездессе, бәрібір барлығында жеңіліп қалады. Альвареске ресейлік боксшымен жұдырықтасудың қажеті жоқ. Бивол ірі, жылдым, мықты боксшы. Сондықтан мексикалықта еш мүмкіндік болмайды. 

Айта кетейік, Альварес Биволмен екінші кездесуді келесі жылы өткізбекші. Оған дейін "Канело" 2022 жылдың 17 қыркүйегінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші рет кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!