"Канело" ауыр нокаутпен жеңілген Айдос Ербосынұлына үн қатты

©Suleimen Promotions

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпиоы Сауль "Канело" Альварес кубалық Давид Моррелмен кездесуден кейін ауыр халде емханаға түскен қазақстандық Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Сен менің дұғамдасың", - деп жазды Instagram әлеуметтік желісінде мексикалық Айдос Ербосынұлымен бірге түскен суретін салып. 

Еске салайық, Ербосынұлы Моррелге қарсы кездесудің 12-раундында нокаутпен жеңілді. Жекпе-жектен кейін қазақстандықты дәрігерлер зембілмен алып кеткен. Кейін оны Хеннепин (Миннесота штаты, АҚШ) аймағындағы медициналық орталыққа жеткізген. Сосын оның миына қан кеткені анықталған. 

Жексенбі күні кешке Ербосынұлына операция жасағаны белгілі болды. Боксшының жағдайына қатысты промоутерлік компания да ресми мәлімдеме жасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар