Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) келесі кездесуін орта салмақта WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарлоға (32-0, 22 КО) қарсы өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Boxing247 порталы.
Жекпе-жек 7 мамыр күні Мексиканың ұлттық мерекесі Синко де Майода өтуі ықтимал.
Еске салайық, екі боксшы да соңғы кездесулерін қарашада өткізді. Альварес Калеб Плантты, Чарло болса Хуан Монтиэльден айласын асырды.