Профи-бокс
16 мамыр 2018 09:17
 
"Канело" Альварес Головкиннің командасы қойған басты шартты орындады

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Альварес Головкиннің командасы қойған басты шартты орындады Сауль "Канело" Альварес. © reviewjournal.com

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әоем чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) WBC және VADA ұйымдарының допингке қарсы ұйымдастырылған "Таза бокс" бағдарламасына қайтып келді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы мексикалық боксшы Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. 

"VADA ұйымымен жыл бойы тестілеуден өтуге келісімшартқа қол қойғанымды хабарлағым келеді", - деді Альварес. 

Бұл дегеніміз ендігіде "Канело" жыл бойы жекпе-жегі бар не жоғына қарамастан кез келген уақытта допинг сынамасын тапсырып отырады. Ол тестілеудің қашан басталатынын нақты айтқан жоқ, алайда олар қазірден бастап жұмыс істейтін секілді. 

Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауысытып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті.

4-сәуір күні Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесу бәрібір де 2018 жылы өтетініне үмітті екенін айтты.

Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 16-қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.

Жарнама

Живи спортом!