auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қандай ұсыныс түссе де, елімнен көшіп кетпеймін - Жанат Жақиянов

Қандай ұсыныс түссе де, елімнен көшіп кетпеймін - Жанат Жақиянов
©Hattonboxing.com
Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов 27-1, 18 КО) Астана қаласында тілшілермен кездесіп, баспасөз жиынын өткізді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

- Кәсіпқой бокста үлгі тұтатын боксшыңыз кім? 

- Кішкентай кезімде расында үлгі тұтатын боксшыларым болды. Бірақ қазір маған жігер беретін - менің отбасым. 

- Кәсіпқой бокста өнер көрсететін боксшылардың көбі промоутер болып кетеді. Сізде мұндай жоспар бар ма?

- Жоқ. Проуомтер болу жоспарымда жоқ. Мен әлі де карьерамды жалғастырғым келеді. Белбеулерімді қорғау керекпін.

- Сіздің жаттығуларыңыз қалай өтеді? Бас бапкеріңіз Рикки Хаттонның жаттығу барысында қандай ерекше дүниелерді жасатады?

- Жекпе-жекке сегіз не тоғыз апта қалғанда мен жаттығуды Англия жерінде өткіземін. Күніне екі рет дайындаламыз. Иә, Хаттонның жаттығунда ерекшеліктер бар. Мен оның ситльін тура қайталауды талап етпейді. Ол менің мүмкіндіктерімді арттыруға тырысады. 

- Хаттонмен жолдарыңыз қалай түйісті?

- 2011 жылы мен Швейцарияда жекпе-жек өткізіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеттім. Сол кезде Хаттонның командасы ұсыныс жасап, 2013 жылдан бастап ол менің бапкерім әрі промоутерім болып келеді. Шынымды айтсам, мен Хаттонмен кездесіп, осындай биікке жеткеніме қуаныштымын. 

- Соңғы жекпе-жегіңіз үшін сіз сыйақы ретінде бар болғаны 30 мың доллар алдыңыз. Ал Уоррен болса сізден бесе есе көп алды. Неге сіздің сыйақыңыз мұнша аз болды және оны қайда жұмсайсыз?

- Уоррен ол кезде чемпион еді. Бізге бастысы бұл жекпе-жекке қатысу керек болды. Сондықтан бұл ұйымдастырушылардың ұсынған сыйақысы. Біз келістік. Ал сысйақы қайда жұмсайтынымды әлі ойлаған жоқпын. 

- Жекпе-жек алдында қандай көңіл-күйде болдыңыз? Шаршы алаңға шығар алдында жасайтын ырымдарыңыз бар ма? Жалпы Уорренмен өткен кездесу туралы айтып берсеңіз ...

- Кездесудің алдында ұйқым жақсы болды. Ешқандай ырымым жоқ. Біздің жоспарымыз бойынша, алғашқы үш раундта мен Уорреннің әлсіз тұстарын анықтап алу керек болдым. Содан кейін оны қысымға алуға көшу туралы ойластырдық. Бірақ бірінші раундта не болғанын барлықтарыңыз көрдіңіздер (Жақиянов екі рет нокдаунға түсіп қалды). Содан кейін біз жоспарымызды өзгертіп, бірден шабуылға көштік. Егер жекпе-жек барысында Уоррен қашықтықты сақтап жұдырықтаса берген болса, онда ол менен айласын асырып кететін еді. Сондықтан да шабуылша шықтық. 

- Қазіргі уақытта жанкүйерлердің көбісі сіздің жапон боксшысы Шинсуке Яманакамен (жеңіл салмақта WBC чемпионы) жұдырықтасқаныңызды қалап отыр. Бұл туралы не айта аласыз? 

- Мен WBC тұжырымында барлық белбеулерді біріктіретін жекпе-жек өткізуге қарсы емеспін. Бірақ оны ұйымдастыру қиын болады. Жалпы мен Яманакамен кездесуге қарсы емеспін. 

- Сізге EXPO-2017 кезінде жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түсті ме?

- Қазірше жоқ. Алайда мен EXPO кезінде Қазақстанда жекпе-жек өткізу ұсынысын қуана қарсы алатын едім. 

- Көптеген кәсіпқой боксшылар қазіргі уақытта АҚШ-қа көшіп жатыр. Сізде көшіп кеткіңіз келмейді ме?

- Мен Петропавловск жаттығуларымды жасаймын. Қандай ұсыныс түссе де Қазақстаннан көшіп кетуге келіспеймін. Мен өз отандымды сүйемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама