Атақты қазақстандық промоутер, Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының штаттан тыс кеңесшісі Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық боксшы Қанат Ислам арасында өтуі мүмкін деген жекпе-жекке қатысты өз пікірін білдірді.
"Мен ешқандай алып қашпа әңгімеге сенбеймін. Сондықтан да Сауль Альварес пен Қанат Ислам арасында жекпе-жек өтеді деп ойламаймын. Көп нәрсе қаржыға байланысты. Егер Қанаттың командасы қомақаты қаржы табатын болса, онда Сауль Альварес жекпе-жекті өткізуге бірден келісім береді. Өйткені, бүгінгі таңда кәсіпқой бокс бизнеске айналып кеткен", - дейді Манкенов.
- Егер екі тарап келісімге келіп, бұл жекпе-жек өтетін болса, басымдық қай боксшының тарапында болады?
- Қанаттың тәжірибесі көп. Деңгейі де жоғары боксшы. Менің ойымша, қызықты жекпе-жек болатын еді. Екі боксшының жеңіске жету мүмкіндігін 50-де 50 деп бағалауға болады.
Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес - Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке сенсек, Альварес - Ислам жекпе-жек 6 мамырда өтеді делінеді.
Загрузка матч-центра...
Жарнама