Қанатты сынау үшін алдымен Қанат Исламдай болып алсын - Мұхтархан Ділдәбеков
Бүгін қазақстандық басылымдардың бірінде "Қанат Исламды қай нәтижесі үшін елге үлгі етіп жүрміз?" деген атпен материал жарық көрді. Мақаланың авторы (фейк автор) отандасымызды сынағандай болған. Тіпті сынау деуге де келмейді. Қаралаған. Өйткені, боксшымыздың кем тұстарын (өзінің ойынша) тізбектеп, бірақ одан шығатын жолды, шешімін көрсетпепті.
Vesti.kz порталының тілшісі осы материалға байланысты Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің пікірін сұрап көрген еді.
"Қанатты сынау үшін, алдымен Исламдай болып алсын жұрт. Қазақ десе өзіңе тиеді. Аяқтан шалғаннан басқа ештеме білмейтін сияқтымыз. Қараңыздаршы, қайсібір орыс тілді сайт Головкиннің осы деңгейге жеткенге дейін сынға алған еді. Кім тиісіп, тырнақ астынан кір іздеді?
Иә, Қанат - халықтың боксшысы. Қазір білесіздер кәсіпқой бокс - кәсіп. Бірақ, Қанат ақшаның артынан не белбеудің артынан қуып кеткен жоқ. Ол барлығын елім үшін, жерім үшін деп істеп жүр. Ал, сіздер оны мазақ етесіздер!
Егер атақ пен белбеу және ақша керек болатын болса, ол баяғыда-ақ қол жеткізер еді. Айтыңыз, қазір Қанаттан басқы қай қазақ боксшысы осыншама танымал. Ол осы бір қиын жолды бірінші болып өтіп, інілеріне жол көрсеткісі келеді. АҚШ-та Головкин десе қазір Қазақстан деген ел көкейлеріне келеді. Ол болса енді "Қанат" дегенді естігенде, күллі әлем қазақ халқы бар екенін, мықты екенін дәлелдеу үшін осы қиын жолды өтіп жатыр.
Жасы кеп қалды дейді. 18 бен 25 аралығында қазақтан қай боксшы әлем чемпионы атанған еді. Тіпті, 30 жасында кім чемпион болды? Қанаттың жасы қазір 33-те. Оның да жоспары бар. АҚШ-қа кетердің алдында жолығып, сөйлестік. Бұйырса, 1-2 жылдың ішінде Қанат Ислам да әлем чемпионы деген белбеудің бірін алады. Сол кезде кімнің-кім екенін көрерміз.
Қорыта айтарым, бір-біріміздің аяғымыздан шала бермейік. Керсінше, бір-бірімізге тіреу болайық, Қанаттың бағындырар биігі әлі алда, "Елім, жерім" деп тұрған адамды өзектен теппейік", - дейді даңқты боксшы.

Жарнама