Профи-бокс
16 тамыз 2017 17:21
 
Қанат Ислам WBC жаңартылған рейтингінде екі сатыға жоғарылады

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам WBC жаңартылған рейтингінде екі сатыға жоғарылады

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Қанат Ислам WBC жаңартылған рейтингінде екі сатыға көтерілді. 

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің тамыз айындағы рейтингісінде Қанат Ислам 2 саты жоғарылап, 21-ші орынға жайғасқан. Ал оның қарсыласы канадалық Брэндон Кук Қанаттан екі сатыға жоғары (19-шы орын) орналасқан.

Айта кетсек, 20 тамыз күні сағат 18:30-да Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аймағында Қанат Ислам жанкүйерлерге арналған ашық жаттығу өткізеді. Аталмыш шараға Қанат Исламнан бөлек, Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов, Руслан Жаңайбаев секілді боксшылар қатысады. 

Еске салайық, «QAZAQ» өзінің келесі кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз «Астана» қаласындағы «Сарыарқа» спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы жеңіліп көрмеген канадалық Брэндон Кук (18-0, 11 КО) болады. 

Жарнама

Живи спортом!