Қанат Исламның шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды

©Qazaq Promotions©

Орта салмақта өнер көрсететін 36 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) жыл соңына дейін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасындағы дереккөз айтты. 

Ислам Turan Promotion промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Бұл кештің нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз. Бірақ 2021 жылдың соңына дейін болады. 

Ал боксшымыздың өзі қазіргі уақытта Стамбул (Түркия) қаласында дайындық жұмыстарын өткізуде. 

Соңғы мәрте Қанат Ислам шаршы алаңға 21 қаңтар күні Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында шығып, жетінші раунда эквадорлық Джейсон Минданы (14-4-1, 8 КО) жеңген болатын. Сол кездесуден кейін боксшының менеджері Нельсон Лопес Исламның биыл тағы екі кездесу өткізетінін айтты. Бірақ ол кездесулер өтпеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар