Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

©Qazaq team

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 KO) карьерасындағы бірінші жеңілісінен кейін шаршы алаңға қайта оралу үшін АҚШ жерінде дайындалып жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Ислам Окснард (Калифорния штаты) қаласында Роджер Романың қол астында дайындалуда. Ол келесі кездесуін биыл жазда өткізеді. Қазіргі уақытта қарсылас пен айқастың өтетін күні туралы келіссөз жүруде. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы соңғы кездесуін ақпан айында өткізіп, 95-95, 96-94, 97-93 есебімен ұлыбританиялық Джимми Келлиден (26-2, 10 КО) жеңіліп қалды. Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) жерінде болған бұл кездесуде орта салмақтағы WBO Global  белбеуі сарапқа салынды. Бұл Исламның кәсіпқой бокс карьерасындағы бірінші жеңілісі болды. 

Ал Келли болса өткен аптада бір кездесу өткізіп үлгерді. Ол мексикалық Хайме Мунгиямен (40-0, 32 KO) бірінші орта салмақта жолығып, бесінші раундта нокаутпен жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар