Профи-бокс
27 қазан 2019 12:19
 

Қанат Исламның қарсыласы өз жеңілісінің әділетсіз екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Қанат Исламның қарсыласы өз жеңілісінің әділетсіз екенін айтты

Намибиялық спортшы Уолтор Каутондоква (18-2, 17 КО) Қанат Исламмен өткізген жекпе-жегінен кейін журналистерге сұхбат беруден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

blog.share

Намибиялық спортшы Уолтор Каутондоква (18-2, 17 КО) Қанат Исламмен өткізген жекпе-жегінен кейін журналистерге сұхбат беруден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шаршы алаңнан шығып бара жатып, ол тек нәтиженің әділетсіз болғанын айтты. 

Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінде олар WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. 10 раундқа созылған жұдырықтасу қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті Канат Исламға берді.

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Қанат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық спортшы Уолтор Каутондокваны (18-1, 17 КО) жеңді.

Алғашқы раундтарда қос боксшы бір-бірін зерттесе, үшінші, төртінші раундтарда шабуыл жасауға кірісті. Бесінші раундта Қанат Ислам жойқын соққы жұмсап, Уолтор Каутондокваны нокдаунға түсірді. Бірақ намибиялық спортшы бірден есін жиып, жекпе-жекті жалғастырды.

Алтыншы, жетінші және сегізінші раундта намибиялық боксшы айқын басымдық танытты. Сол уақытта Қанат Исламды қолдау үшін жанкүйерлер Қазақстан әнұранын айтты.

Тоғызыншы және соңғы раундта отандасымыз бар күш-жігерін жинап жылдамырақ қимылдай бастады. Десе де екі боксшының да шаршағаны байқалды.

Еске салсақ, салмақ өлшеу рәсімінде Қанат Ислам қарсыласынан жеңіл болып шыққан - 71,900 келі, ал Каутондоква таразыда 71,950 келіні көрсеткен. Айта кетелік, 34 жастағы Уолтор Каутондокваның бойы 35 жастағы Қанат Исламнан 10 сантиметрге ұзын болды.

Мұның алдында Қанат Исламның (26-0, 21 КО) менеджері Нельсон Лопес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жекпе-жек ұйымдастыру мақсаты туралы айтқан еді.

"Қазір сегізінші орындамыз, бірақ, бірінші болғымыз келеді. Басты мақсат осы. Бәрін жеңуге даярмыз. Бүгін Уолтермен, ал ертең "Канеломен" жұдырықтасып, оны жеңеміз. Оны Қазақстанға алып келеміз. Головкиннің қолынан келмегенді жасаймыз. "Канелоның" артынан кез келген салмаққа баруға дайынбыз. Супер ортада болса, сол дивизионға барамыз. Жетеміз де, басым боламыз. Қазақ еліне осы жекпе-жекті сыйлаймыз", - деген Лопес.

Жарнама

Живи спортом!