Қанат Исламның қарсыласы қаңтардың соңына дейін анықталады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның келесі қарсыласы қаңтар айының соңына дейін анықталады. Боксшы алдағы жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа кетті, деп жазады Vesti.kz порталы.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның келесі қарсыласы қаңтар айының соңына дейін анықталады. Боксшы алдағы жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа кетті, деп жазады Vesti.kz порталы.
"Қанат келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа кетті. Жуық арада қарсыласы мен келесі жекпе-жектің өтетін орны белгілі болады" - дейді Исламның өкілі, журналист Берік Сұлтан.
Баспасөз хатшысының айтуынша, қазақстандық боксшының қарсыласы екі-үш күнде немесе қаңтар айының соңына дейін белгілі болады. Ал, америкалық басылымдарда шығып жатқан Саул Альвареске қарсы жекпе-жек туралы ол қысқа ғана қайырды.
"Ол туралы қазір біз нақты ештеме айта алмаймыз. Қанат АҚШ-қа келесі кездесуіне жаттығу үшін кетті", - дейді боксшының өкілі.
Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес - Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке сенсек, Альварес - Ислам жекпе-жек 6 мамырда өтеді делінеді.
Жарнама