Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (23-0, 19 КО) өзінің кезекті кездесуіне дайындықты түйіндеу үшін спаррингке кірісті, деп жазады Vesti.kz порталы.
Еске салайық, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің кезекті кездесуін 26 мамыр күні Флоридада өткізеді.
Қанат Ислам аптасына 4 рет 12 раундтық спарринг жасап, келесі жекпе-жегіне қызу дайындалуда. Мексикалық былғары қолғап шеберлерімен 12 раунд айқасып, тәжірибесін шыңдауда. Соққы жылдамдығын арттыру үшін таңғы жаттығуда QAZAQ жаттықтырушысы Нелсон Лопезбен 5 раунд лапа ұрады. Бұл жолы Қанат Ислам рейтингте өзінен жоғары тұрған мексикалық Норберто Гонсалеспен жұдырықтасады. Жеңімпаз WBA intercontinental, WBA NABA чемпиондық белбеуін иеленеді
Жарнама