Профи-бокс
1 наурыз 2017 12:11
 
Қанат Исламның деңгейін біз мықты боксшыларға қарсы өткізген жекпе-жектен кейін ғана біле аламыз - маман

  Пікірлер

blog.share

Қанат Исламның деңгейін біз мықты боксшыларға қарсы өткізген жекпе-жектен кейін ғана біле аламыз - маман ©vesti.kz

FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы Қанат Исламның бірінші орта салмақта WBO тұжымыры бойынша әлем чемпионы атағы үшін қашан таласа алатынын айтып берді. 

Бұған дейін бірінші орта салмақтағы әлем WBO тұжырымдарының чемпионы, мексикалық Сауль "Канело" Альварес отандасы кіші Сауль Альвареспен өтетін кездесуден кейін салмақ ауыстырып, белбеуін қорғамайтынын айтқан болатын. 

- Григорий, егер Альварес салмағын ауыстырса, белбеу иесіз қалады. Бұл белбеуді Қанат Исламның алу мүмкіндігі қандай?

- Қанаттың бұл белбеуге таласуы бірінші кезекте оның командасына тікелей байланысты. Белбеу бос қалған кезде оған таласатын боксшылардың саны да бірден көбейіп кетеді. Сондықтан да бұл жерде көп нәрсе шаршы алаңның сыртында шешіледі. 

- Қанаттың қазіргі деңгейі оған белбеуге таласуға мүмкіндік береді ме?

- Шынын айтсақ, Қанаттың деңгейін біз мықты боксшыларға қарсы өткізген жекпе-жектен кейін ғана біле аламыз. 

Еске салайық, Қанат Исламның бразилиялық Робсон Ассиспен өткен жекпе-жегінен кейін ресейлік "Матч ТВ" арнасының комментаторлары отандасымыздың деңгейі  Сауль Альварес немесе WBA тұжырымының чемпионы Эрисланди Лара секілді мықты боксшыларға қарсы шығатын деңгейге жетіп қалды деп айтқан еді. Ал WBO Inter-Continental және WBA Fedelatin тұжырымдарының чемпионы Ислам болса өзінің соңғы өткізген жекпе-жегінен кейін "Канело" мен Мигель Коттоны жекпе-жекке шақырған еді. 

Жарнама

Живи спортом!