Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) британдық боксшы Джимм Келлимен (25-2, 10 КО) ақпан айының соңында кездеседі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Негізі бұл айқас 21 қаңтар күні Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өтуі керек еді. Бірақ бүгін айқастың 25 ақпанға ауысқаны белгілі болды.
"Covid-19 өршіп кетуіне байланысты боксшылар мен жанкүйерлердің сұранысы бойынша айқасты 25 ақпанға ауыстырдық. 25 ақпан күні өтетін бокс кешінің билеттері сатылымға шықты", - деп жазады кештің ұйымдастырушылары.
Он раудтқа жоспарланған бұл кездесу орта салмақта өтеді. Айта кетейік, осыдан алты жыл бұрын Келли орта салмақта WBO белбеуінің иегері Лиам Смитпен (30-3-1, 17 КО) чемпиондыққа таласып, жеңіліп қалған.