fh55mobDi7EGpvZszluQKf7KzgBP5XgHrioY79iD
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Исламмен жекпе-жек Кирклендке де керек - Джэк МакКафери

Қанат Исламмен жекпе-жек Кирклендке де керек - Джэк МакКафери
Америкалық журналист Delcotimes.com порталының комментаторы Джэк МакКафери Vesti.kz порталының тілшісіне бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) мен Джеймс Киркленд (32-2, 28 КО) арасындағы кездесу Астанада өтетінін айтып берді. 

"Киркленд танымал боксшы. Онымен жекпе-жек Қанат Ислам үшін маңызды. Киркленд үшін де керекті жекпе-жек. Өйткені, бір жағынан ол өзін көрсетуге мүмкіндік алатын болса, екіншіден, жақсы сыйақы алатын болады. Менің ойымша бұл боксшына Қазақстанға шақыру үшін ұйымдастырушылар ақшаларын аяп қалмайды. Бұл кездесуді асыға күтетін боламын. Көпшіліктің көңілінен шығатын жекпе-жек болады деп үміттенемін", - дейді МакКафери. 

Еске салайық, Қанат Ислам өзінің соңғы кездесуін 26 мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп орта салмақтағы WBO NABO и WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Қазіргі уақытта отандасымыздың еншісінде 24 кездесу бар және боксшымыз оның барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесу ол қарсыластарын нокаутқа жіберген.

Бұл жеңісінен кейін Ислам BoxRec порталының рейтингінде бірінші орта салмақтағы боксшылардың арасында 27 сатыға жоғарылап, 26 орынға жайғасты.

Қанат Исламның соңғы кездесуінен кейін қазақстандық боксшы мен Кирклендтің командасы жекпе-жек өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр деген мәлімет шыққан болатын. Бұл кездесу 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өтуі ықтимал. Америкалық боксшы бұл кездесу үшін Қазақстанға келуге дайын екенін де айтты.

Айта кетейік, 33 жастағы Киркленд өзінің соңғы кездесуін 2015 жылы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізіп, жеңіліп қалған еді. Жалпы ол кәсіпқой боксшы 34 кездесу өткізіп, оның 32 жеңіске жеткен.





Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама