Қанат Ислам WBC рейтингінде жоғары көтерілді

Сурет: Боксшының әлеуметтік желісінен алынды.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ бойынша жаңартылған рейтингтің тізімін жариялады. 

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты рейтингтегі көптеген қазақстандық боксшылар жыл басынан бері кездесу өткізген жоқ. Бірақ оған қарамастан рейтингте жоғары орындарда тұр. 

Польшалық боксшы Камиль Соколовскиді жеңген ауыр салмақтағы боксшымыз Жан Кособуцский рейтингке қосылып, 39 орынға жайғасыпты. 

WBC Continental Americas және WBO Global чемпионы орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы орында қалса, осы салмақта сынға түсетін USNBC белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов 19-орыннан 20-орынға төмен түскен. 

Бірінші орта салмақта сынға түсетін Қанат Ислам мен Садриддин Ахметов бір саты көтерілген. Ислам 23 орынға, Ахметов 26 орынға жайғасыпты. 

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов 33-орыннан 29-орынға жоғарылапты. 

Батыр Жүкембаев болса жартылай орта салмақты рейтингінде оныншы орнын сақтап тұр. 






Метки:
Жаңалықтар