Aq8S7FVMdorb3jrTv9SyBV71mLH2N623QAg7xVaV
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қанат Ислам Верамен кездесуден бас тартты - америкалық боксшының менеджері

Қанат Ислам Верамен кездесуден бас тартты - америкалық боксшының менеджері
©:Vesti.kz
Roy Jones Jr. Boxing Promotions промоутерлік компаниясының матчмейкері, бірінші орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джон Вераның (18-0, 11 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Гай Тейлор Vesti.kz порталының тілшісіне Қанат Исламмен (25-0, 20 KO) кездесу не үшін өтпей қалғаны туралы айтып берді. 

- Менің ойымша, Ислам Верамен жұдырықтасқысы келмейді. Біз келіссөз жүргізуге тырыстық. Бірақ оның командасы біздің ұсынысымызға жауап бермей қойды, - дейді Тейлор. 

- Келіссөз жүргіздік дедіңіз. Қай тарап келісімге келмеді сонда?

- Біз Қанат Ислам сұраған ақшағы беруге дайын болдық. Дегенмен кейін олар Қанат кездесуде өткізгісі келмейтінін айтты. 

- Исламның командасы жекпе-жектен бас тартқан жоқпайыз дейді. Бұл туралы не айта аласыз?

- Менде Қанат Исламның кездесуден бас тартқаны туралы электронды хат бар. Қазір біз бұл мәселеге қатысты WBA кеңесінің шешімін күтіп отырмыз. Негізі бұл мәселе 2 қаңтар күні шешілуі керек еді. Дедлайн уақыты өтіп кетті. Басқа ештеме айта алмаймын. 

- Франция бокс федерациясы 24 наурыз күні Марсель қаласында Вера мен Мишель Соро арасындағы кездесудің өтетінін хабарлады. Бұл қаншалықты рас ақпарат?

- Бұл туралы ешқандай пікір бере алмаймын. Біз WBA шешімін күтіп отырмыз. 

21 қарашада Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) резолюция шығарған еді. Ол бойынша, Вера мен қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) суперчемпион Лараға міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жек өткізу туралы бір ай ішінде келісу керек болатын.

WBA тағайындаған мерзім өтіп кетті, дегенмен, ұйымның ресми шешімі әлі жарияланған жоқ. Қаңтарда Vesti.kz  америкалық боксшының командасындағы мәлімет көзіне сілтеме жасап, бұл жекпе-жектен қазақстандықтың бас тартуына байланысты болмайтынын хабарлаған.

Қанат Ислам болса жуық арада екі кездесу өткізетіні туралы айтып еді. Оның бірі наурыз айында АҚШ-та өтсе, екіншісі Қазақстанда өтеді. 







Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар