eRmEWhkbacZvhhIPDUcGNd9rXESRN4zODPczwOIw
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қанат Ислам "QAZAQ promotions" промоутерлік компаниясын ашты

Қанат Ислам "QAZAQ promotions" промоутерлік компаниясын ашты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Ислам өзінің промоутерлік компаниясын ашты, – деп жазды боксшы өзініңинстаграммдағы ресми парақшасында.

Жақында ғана 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен келісімшартқа отырған Қанат Ислам «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты. Бұл туралы спортшының командасы әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жария етті. «Қанат Ислам Америкада «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты. «QAZAQ promotions» Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде «Main event» промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу ең басты мақсатымыз. Сол жолда команда тынбай еңбек етуде», – деген хабарлама қалдырды.

Айта кетейік, Эгис Климас The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік менеджері атанған болатын. Ол Қанат Исламды тек үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғанын айтты. Ал отандасымыз Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын бастап кетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар