Қанат Ислам орала ма? Қазақстандық боксшы жаттығуға кірісті

Сурет: Qazaq Promotions©

36 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) Түркияның Ыстамбұл қаласындағы жаттығу жұмыстарын бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жаттығу жұмыстарын Ислам Performans spor kulubu спорт залында өткізіп жатыр. Боксшы бір апта бұрын дайындыққа кіріскен. Ал бұған дейін Қазақстанда болған еді. Негізі Қанат Ислам маусым айында жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда белгісіз себептерге байланысты кездесу өтпей қалды. 

Соңғы рет ол 21 ақпан күні Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында экводорлық Джейсон Миндаға (14-4-1, 8 КО) қарсы өткізіп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. 

Сол кездесуден кейін боксшының менеджері Нельсон Лопес Ислам маусым айында шаршы алаңға ораталынын хабарлады. Ал жалпы биыл ол екі кездесу өткіземін деп айтып еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар