12NkkKRj5KG1k8Rx1qyQlMBXQTUWk6ZRExwwNHzH
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Ислам менің карьерамдағы ең мықты қарсылас - Брэндон Кук

Қанат Ислам менің карьерамдағы ең мықты қарсылас - Брэндон Кук
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін канадалық боксшы Брэндон Кук Vesti.kz порталының тілшісіне Қанат Исламнан қандай қауіп күтетінін айтып берді. 

- Қанат Ислам мықты боксшы екенін білемін. Ол чемпион. Сондықтан да мен қиын жағдайда тұрмын. Мен оның тек екі ғана жекпе-жегін көрдім. Сол үшін оның жұдырықтасу стильі туралы ештеме айта алмаймын. Негізі кездесу алдында қарсыласымның жекпе-жегін көргім келмейді. Қарсыласты зерттеуді бапкеріме қалдырамын. 

Мен үшін қуанатын жәйт, бір ай бұрын мен жұмысымнан шығып кеттім. Енді Қанат Исламға қарсы кездесуге алаңсыз жаттығатын боламын. Бұған дейін мен 10 жыл бокспен есік-терезе орнатуды қатар алып жүрдім. 

- Қанат Исламды сіз үшін қауіпті қарсыласы деп ойлайсыз ба?

- Әрине! Ол менің карьерамдағы ең мықты әрі қатал қарсыластарымның бірі. Бірақ мен оған тойтарыс беруге дайын боламын. 

- Сіз бірінші рет Канададан тыс жерде жұдырықтасасыз. Бұл сіз үшін қиындық туғызбайды ма?

- Жекпе-жектің қай жерде өтетіні маған қызық емес. Себебі, мен ешкімнен қорықпаймын. Сондықтан да бұл жекпе-жек үшін жарты әлемді басып өтіп, Қазақстанға баруға дайынмын. Менің арманым - чемпиондық белбеуге таласу. 

Еске салайық, Қанат Ислам және Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек 9 қыркүйекте Астанада өтеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама