auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қанат Ислам мен Робсон Асис салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қарсыласына қарағанда Қатан Ислам жеңіл болып шықты.

Қанат Ислам мен Робсон Асис салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0, 18 КО) мен оның алдағы кездесудегі қарсыласы Робсон Асис (16-3, 9 жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. 

Ресми дерек бойынша, Қанат Исламның салмағы 154,2 фунт (69,94 келі) болса, ал оның қарсыласының салмағы 154,6 фунт (70,12 келі) болды.

 

Айта кетейік, бірінші орта салмақтағы боксшының салмағы 154 фунттан (69,85 келіге дейін) аспау керек. Бірақ егер жекпе-жекте ешқандай белбеу сарапқа салынбайтын болса, онда екі тарап келісіп, боксшы шектеу қойылған салмақтан асуына болады. 

32 жастағы отандасымыз Қанат Ислам кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысып, сол уақыттан бері жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Ол өзі өткізген 22 кездесудің барлығында жеңіске жетті. 14 рет қарсыласын нокаутқа түсірді. Алдағы кездесу Исламның АҚШ жерінде өткізейін деп жатқан төртінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Қазақстан, Колумбия және Доминикан Республикасында жұдырықтасқан. 

Ал 38 жастағы Ассис болса 2006 жылы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, қазіргі уақытқа дейін кәсіпқой бокста 19 кездесу қатысқан. Оның 16 кездесуінде жеңіске жеткен. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар