Канадалық боксшы Брэндон Куктың промоутері Тайлер Бакстон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы Қанат Ислам канадалықтың ең мықты қарсыласы екенін айты.
- Қанат жақсы боксшы. Олимпиадаға қатысты. Әуесқой бокста өзін жақсы көрсетті. Ол Брэндонның ең мықты қарсыласы. Дегенмен Брэндон да Қанат үшін үлкен сын болады,
- Қанат Исламның қай тұстары мықты деп айта аласыз?
- 24 жекпе-жекте 19 КО. Ол өте мықты және соққысы ауыр. Бірақ Брэндон жауынгер. Ол бұған қарсы тұрып бере алады.
- Брэндон Канададан тыс жерде алғаш жұдырықтаспақшы. Ол үшін бұл қиындық тудырмай ма?
- Брэндон қыспалақтаған кезде жақсы жұдырықтасады. Біз ертерек Қазақстанға барып, бәрін тезірек реттеп, жекпе-жекке бар күшімізді саламыз деген үміттемін. Бізде бұл жекпе-жекке қатысты жоспарымыз бар. Біз соны ұстанамыз.
Еске салайық, Қанат Ислам және Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек 9 қыркүйекте Астанада өтеді. Канадалық боксшы соңғы рет биыл қаңтарда отандасы Стиваен Батлермен жұдырықтасқан. Осы жекпе-жек соңында тәртіпсіздік басталып кетті де, Куктың басына мұз салынған шелек тиген болатын.
Сарапшы маман Джек МакКаферри Куктың Қанат Ислам үшін өте қауіпті екенін айтқанын атап өтейік.

Жарнама