Профи-бокс
20 шілде 2017 15:31
 
Қанат Ислам қарсыласының промоутері: Головкин бізге қызық емес. "Канело" Лас Вегастың басты жұлдызы. Ол орта салмақта - король

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксышы Қанат Исламның қарсыласы канадалық боксшы Брэндон Куктың промоутері Тайлер Бакстон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) болашақта жекпе-жек өткізу идеясы туралы өз ойын айтты.

- Кук орта салмаққа көтеріле ме? Егер сіздерде мүмкіндік болса Брэндонды Головкинге қарсы қояр ма едіңіз?

- Головкин бізге қызық емес. Егер орта салмақта кіл мықтымен шығу мүмкіндігі туса, мен "Канелоны" таңдар едім. Мен үшін ол Лас Вегастың басты жұлдызы. Меніңше ол орта салмақтың королі, - деді Бакстон.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Айта кетейік, Ислам - Кук жекпе-жегі 9 қыркүйекте Астанада өтеді. Канадалық боксшы соңғы жекпе-жегін биыл қаңтар айының соңында өткізді. Ол өз отандасы Стивен Батлерді мерзімінен бұрын жеңді, алайда жекпе-жек соңында тәртіпсіздіктер орын алып Куктың басына шелек тиген еді.

Жарнама

Живи спортом!