Профи-бокс
22 қаңтар 2021 18:38

Қанат Ислам жекпе-жегін тағы да кейінге шегерді

Сурет: Vesti.kz©
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) денсаулығына байланысты ақпан айындағы кездесуін кейінге шегерді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы бапкері Роджер Ромамен жаттығу жұмыстарын тоқтатып қойған. Боксшының жаттығуға қашан кірісетіні белгісіз. 

BoxRec ақпараты бойынша, Ислам келесі кездесуін 20-ақпан күні өткізу керек керек. Осылайша отандасымыз екінші рет жекпе-жегін кейінге шегеріп отыр. Әу баста Ислам қазан айында АҚШ жерінде 23 жастағы америкалық Гонсало Кориамен (16-3, 6 КО) кездесуі керек болатын. Алайда бұл қарсылас кейін Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуды жөн көрді. Содан соң оның 32 жастағы мексикалық қарсыласы Хесус Гуррола (27-3-15, 14 КО) АҚШ жеріне кіруге виза ала алмай қалды. 

Еске салайық, қазақстандық боксшының шаршы алаңға шықпағанына бір жылдан көп болды. Ол соңғы кездесуін 2019 жылдың 26-қарашасында Алматы қаласында өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша Уолтер Каутондокваны жеңді. Бұл кездесуде Ислам WBO International белбеуін иеленген болатын.