Профи-бокс
31 мамыр 2017 14:03
 

Қанат Ислам дəл қазіргі таңда үлкен кездесулер өткізуге дайын - Майк Мантеро

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам дəл қазіргі таңда үлкен кездесулер өткізуге дайын - Майк Мантеро

Белгілі америкалық журналист Майк Мантеро бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) мен Жанқош Тұраров (21-0-0) туралы пікірін білдірді. 

"Қанат Ислам дəл қазіргі таңда үлкен кездесулер өткізуге дайын. Ал Жанқош Тұраровқа келер болсақ ол əлі шыңдалып үлгерген жоқ. Жанқош əзірге маңызды жекпе-жектерге дайын емес. Оған əлі тəжірибе жыйнауы керек" - деп келтіреді Майктың сөзін отандық басылымдар.

Еске салайық, Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров соңғы кездесулерін мамыр айының  27 -күні АҚШ-тың Бока Ратон қаласында болған бокс кешінде өткізіп, екі боксшымыз да жеңіске жетті. 

Осы жеңісінен кейін Қанат Ислам BoxRec порталының рейтингінде 27 сатыға жоғарылап, қазіргі уақытта өз салмағында 26 орынға жайғасты. Ал Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша 27 орынға жоғарылап, 85-ші орынға тұрақтады. 


blog.share
Белгілі америкалық журналист Майк Мантеро бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) мен
Жанқош Тұраров (21-0-0) туралы пікірін білдірді. 

"Қанат Ислам дəл қазіргі таңда үлкен кездесулер өткізуге дайын. Ал Жанқош Тұраровқа келер болсақ ол əлі шыңдалып үлгерген жоқ. Жанқош əзірге маңызды жекпе-жектерге дайын емес. Оған əлі тəжірибе жыйнауы керек" - деп келтіреді Майктың сөзін отандық басылымдар.

Еске салайық, Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров соңғы кездесулерін мамыр айының  27 -күні АҚШ-тың Бока Ратон қаласында болған бокс кешінде өткізіп, екі боксшымыз да жеңіске жетті. 

Осы жеңісінен кейін Қанат Ислам BoxRec порталының рейтингінде 27 сатыға жоғарылап, қазіргі уақытта өз салмағында 26 орынға жайғасты. Ал Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша 27 орынға жоғарылап, 85-ші орынға тұрақтады. 


Жарнама

Живи спортом!