Қанат Ислам чемпиондық белбеуге қашан таласа алады? Америкалық маман жауап берді

Қанат Ислам. Сурет: Vesti.kz©
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам 27-0, 21 КО) өзіне берілген уақытты тиімді пайдаланып, шаршы алаңға жиі шығуы керек. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне америкалық Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри айтып берді. Сондай-ақ, ол отандасымыздың чемпиондық белбеуге мүмкіндігі туралы айтты. 

"Ислам бабында кезінде мықты боксшы еді. Бірнеше жыл бұрын ол тіпті чемпиондарды таңғалдыра алатын еді. Физикалық дайындығы мен шеберлігі жоғары боксшы. Бірақ оның екі жыл шаршы алаңға шықпағаны алаңдатады. Бұл оның карьерасына кері әсерін тигізуі мүмкін. 

Ислам - жас боксшы емес. Ол әрбір уақытын тиімді пайдалануы керек. Менің ойымша, ол чемпиондық белбеуге таласа алады. Дегенмен ол кездесудің қашан өтетінін айту қиын. Қазір оған мүмкіндігінше көп жекпе-жек өткізу керек. Өзін тағы да жақсы қырынан көрсетсе, өз мүмкіндігін алады", - деді МакКаферри. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшының шаршы алаңға шықпағанына бір жылдай уақыт болды. Соңғы рет ол 2019 жылдың 26 қазанында Алматы қаласында намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 17 КО) кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл кездесуде отандасымыз WBO International белбеуін жеңіп алды. 

Қанат Ислам келесі кездесуін 16 қазан күні Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өткізуі керек еді. Әуелде ол 23 жастағы аргентиналық Гонсало Кориямен (16-3, 6 КО) кездесу керек болаты. Бірақ ол екінші бір отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен (8-0, 4 КО) кездесуге келісім берді. Кейін ол 32 жастағы мексикалық Хесус Гурроламен кездеседі деген ақпарат шықты. Бірақ ол АҚШ-қа виза ала алмай, жекпе-жек кейінге шегерілді.




Метки:
Жаңалықтар