auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы WBA белбеуіне басты үміткер боксшы - аргентиналық тілші

Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы WBA белбеуіне басты үміткер боксшы - аргентиналық тілші
Қанат Ислам және Брэндон Кук. Сурет: roundbyroundboxing.com
Аргентиналық BoxeodeCampeones.com порталының тілшісі Хави Толедо Vesti.kz порталының тілшісіне бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) келесі қарсыласы аргентиналық Брайн Кастаньо (14-0, 10 KO) болуы мүмкін екенін айтып берді. 

"Эрисланди Лара мен Деметриус Андраде орта салмаққа ауысып жатыр. Менің ойымша, бұл Брайн Кастаньо үшін бос тұрған белбеуді алуға зор мүмкіндік. WBA рейтингінде ол қазір бірінші орында тұр. Содан соң Қанат Ислам орналасқан. Олардың кездесуі 2018 жылы өтуі мүмкін. Қанат Ислам Костаньоның негізі қарсыласы болуы мүмкін. Ислам - өте мықты боксшы. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Өте тәжірибелі боксшы. Сондықтан да Кастаньо үшін қауіпті қарсылас болады. 

Лара мен Андрадедің орта салмаққа ауысуы бірінші орта салмақта жаңа мықты боксшылардың шығуына мүмкіндік береді. Егер барлығы да осылай болатын болса, Костаньо үшін міндетті қарсыластардың бірі Ислам, америкалық Джон Вера және ресейлік Хусейн Байсангуров болуы ықтимал", - дейді Толедо. 

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір аргентиналық тілші Армандо Мендоза алдағы уақытта Қанат Ислам мен Брайн Кастаньо кездесуі мүмкін екенін айтқан болатын. 

28 жастағы Кастаньо WBA рейтингінде Қанат Исламнан бір саты жоғары орналасқан. Бірақ басқа барлык рейтингте қазақстандық боксшыдан төмен тұр. Соңғы кездесуін ол 1 шілде күні Аргентинада өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша франциялық Мишель Сороны (30-2-1, 20 KO) жеңді. 

Қазіргі уақытта бірінші орта салмақтағы суперчемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға (24-2-2, 14 KO) тиесілі. Ал WBA белбеуі америкалық Деметриус Андрадеге (24-0, 16 KO) тесілі еді. Бірақ ол белбеуін бас тартып, орта салмаққы өтті. Ал Лара болса алдағы уақытта орта салмаққа ауысуды ойластырып жүр. 

Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды. 







Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама