auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Ислам Астанадағы жекпе-жегіне киетін киім үлгісін таныстырды

Қанат Ислам Астанадағы жекпе-жегіне киетін киім үлгісін таныстырды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның 9 қыркүйек күні канадалық Брэндон Кукке қарсы жекпе-жегіне киетін киім үлгісін таныстырды. 

Жаңа киім үлгісі боксшының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. Киім аспан түстес көк түсте жасалып, алтын түспен боксшының лақап аты мен оюлар салынған. Әрі бокс кешінің серіктестерінің логотиптері жапсырылған.



9 қыркүйек күні өтетін жекпе-жекті QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу Астана уақытымен 19:50-де басталады. 6 қыркүйекте сағат 13:00-де республикалық «Сарыарқа» велотрегінде жарыста өнер көрсететін қазақстандық боксшылардың қатысуымен кеңейтілген баспасөз мәслихаты өтеді. Жиынға осы күнге дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген қос боксшы – Қанат Ислам мен Брэндон Кук және олардың промоутерлері қатысады.

Еске сала кетейік, Ислам — Кук жекпе-жегі 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Айтулы былғары қолғап шеберлері сол кеште бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқалары бойынша чемпиондық атақты сарапқа салады. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады. Атап айтқанда, Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жанабаев сынды саңлақтарымыз шаршы алаңға шығып, жарыс көрігін қыздырады. Отандастарымыз  әлемнің беделді боксшыларымен күш сынасады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама