Профи-бокс
23 қыркүйек 2020 15:01
 
Қанат Ислам Америкада келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам Америкада келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі кездесуіне дайындығын бастады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына бір жылдай уақыт болып жатыр. Ол соңғы кездесуін өткен жылдың 26 қазанында Алматы қаласында өткізіп, намибиялық Уолтер Каутондакваны төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Бұл кездесуде отандасымыз WBO International белбеуін ұтып алған еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

WORK TIME

Публикация от Kanat QAZAQ Islam / OFFICIAL (@islamkanatqazaq)

BoxRec ақпараты бойынша, келесі кездесуін Ислам 16 қазан күні Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өткізеді. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

Бұл кездесуге Қанат Ислам Нельсон Лопес деген менеджермен бірге дайындалады. Өткен жылы ол 2017 жылы The Ring тұжырымы бойынша үздік менеджер атанған Эгис Климаспен келісімшартын бұзған болатын. 

Жарнама

Живи спортом!