auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Ислам Алматыда Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Қанат Ислам Алматыда Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін
facebook.com
Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат "Qazaq" Ислам Алматыда әйгілі филиппиндік Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы спортшының PR менеджері Берік Сұлтан facebook желісіндегі парақшасында жазды.

- Пакьяоның командасы дайын болса QAZAQ командасы дайын. 22 наурыз Алматы қаласы "Almaty arena" спорт кешенінде бокс жанкүйерлері үшін үлкен шоу жасауға біз сақадай саймыз. Пакменнің командасы келіссе болды, - деп жазды.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін қорғап қалған еді. Ал филиппиндік боксшы соңғы рет 2 шілде күні Аустралияда жекпе-жек өткізіп, Джеф Хорннан жеңілген еді.

Қанат Ислам мен Мэнни Пакьяоның командасы жекпе-жек туралы келісімге келсе, отандасымыз филиппиндік боксшымен жұдырықтасқан екінші қазақ болады. Мэннимен алғаш жұдырықтасқан қазақ боксшысы – Серік Ешмағамбетов.

Серікжан Ешмағамбетов пен Мэнни Пакьяо 2003 жылдың наурыз айында жұдырықтасқан. Қазақстандық боксшы бүгінде әлем таныған филиппиндік боксшының кәсіпқой рингтегі жетінші қарсыласы болған екен. Филиппин астанасы Маниланың көне аудандарының бірі Интрамуроста өткен жекпе-жек бес раундқа дейін созылып, Мэннидің мерейі үстем болған. Десе де Серікжан Ешмағамбетов те қарсыласына оңайлықпен жеңілмей, бір рет сұлатып та түсірген.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама