Қанат Ислам АҚШ-та өтетін бокс кешінде жекпе-жек өткізбейтін болды

Қанат Ислам. Сурет: Vesti.kz
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) 20-ақпан күні Майами (АҚШ) қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтаспайтын болды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы дереккөзге сілтеме жасап. 

Алдағы айқаста оның қарсыласы 33-жастағы ганалық Ободай Саи (35-3-1, 26 КО) болуы керек еді. 

Алайда, дереккөздің ақпараты бойынша, қазақстандық боксшы бұл кеште жұдырықтаспайды. Бұл мәселеге қатысты боксшының өзі де, бапкері Роджер Рома да әлі ешқандай мәлімдеме жасады. 

Қанат Исламның шаршы алаңға қайта оралатыны туралы ақпарат жыл басында шыққан болатын. Кейін қазақстандық боксшы денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты. 

Еске салайық, Исламның шаршы алаңға шықпағанына бір жылдан асып кетті. Ол соңғы кездесуін 2019 жылы 26-қарашада Алматы қаласында өткізіп, намибиялық боксшы Уолтер Коутондокваны (18-2, 17 КО) ұтты. Бұл кездесуде Ислам WBO International белбеуін жеңіп алды. 




Метки:
Жаңалықтар