28 жастағы боксшы 23 тамыз күні Алматы қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы тәжірибелі қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев (20-1, 15 КО) болады. Бұл жекпе-жек кештің басты айқасы болуы керек.
Ақбербаев өзінің соңғы кездесуін 2019 жылдың қараша айында Екатеринбург қаласында өткізіп, ресейлік Евгений Тищенкодан жеңіліп қалды. Бұл қазақстандық боксшының 2017 жылдан кейін өткізген бірінші кездесуі еді.
Қоңқабаев болса әуесқой бокстан кетпейтінін айтты. Ол келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысады. Кәсіпқой бокста ол бірнеше кездесу өткізетінін айтты.