"Қалайша міндетті қарсылас болды?". Америкалық журналист Фируза Шарипованың абсолют чемпионмен жекпе-жегі жайлы

©DAZN

Boxingnews24.com порталының журналисі Иэн Олдус жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипова (14-1, 8 КО) әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тейлермен (19-0, 6 КО) жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алғанына таңғалғанын айтты. 

"11 желтқсан күні Ливерпуль қаласында Тэйлор тағы бір үміткерге қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл қарсылас та Кэтиге қиындық туғызбайтын шығар. Фируза Шарипова қалай ғана үміткер болып кетті. Осыған таң қалдым. Себебі, ол соңғы кездесулерінде рекорды 7-7 болатын боксшыны жеңді ғой. Бірақ соған қарамастан ол WBA белбеуінің міндетті қарсыласы атанып кетті", - деп жазды автор. 

Еске салайық, 35 жастағы Кэти Тейлор - 2012 жылғы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 60 келіде топ жарды. Содан соң бес мәрте әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. Кәсіпқой бокста ол әлі жеңілістің кермек дәмін татпаған. 

Қыркүйек айында Тэйлор америкалық Дженнифер Хэнге (18-4-1, 1 КО) қарсы шығып, белбеулерін сәтті қорғап қалды. 

Ал 27 жастағы Шарипова болса соңғы кездесуін муай-тай шебері ресейлік Любовь Беляковамен жолығып, мерейі үстем болды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар