auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Жұлдыз болатын боксшы". ESPN тілшісі Құлахметтің алдағы айқасы жайлы

"Жұлдыз болатын боксшы". ESPN тілшісі Құлахметтің алдағы айқасы жайлы
©MTK Kazakhstan

ESPN арнасының комментаторы әрі спорт журналисі Армандо Мендоза Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (4-0, 3 КО) алдағы демалыс күні доминиканалық Хуан Карлос Абреумен (23-6-1, 21 КО) өткізетін кездесуі туралы ойымен бөлісті. Әңгіме барысында ол Абреудің карьерасына тоқталып, 29 қазан күні Лондон (Англия) қаласында нокаут бола ма, жоқ па деген сауалға жауап берді. 

"Хуан мықты боксшы. Ол өте шыдамды жігіт. Өкінішке қарай, оның карьерасы біз қалағандай мықты болмады. Абреу өз дивизионының басты жұлдыздарының бірі болуы мүмкін еді. Алайда кейбір жағдайлар оған кедергі жасады. Қазір ол орта деңгейдегі боксшы болып қалды. Дегенмен Хуан тосынсый жасауы әбден ықтимал. Алдағы жекпе-жекте ол қарсыласын нокаутқа түсіруі немесе өзі нокаутқа түсіп қалуы мүмкін. 

Бұған дейін ол мықты қарсыластарды жеңіп көрген. Қазақстандықтың шамасы қандай екенін енді байқап көреміз. Құлахмет бұл кездесуді жеңсе, үлкен кездесулерге жолы ашылады. Негізі мен оны болашақта жұлдыз болатын боксшы деп есептеймін", - деді Мендоза. 

Еске салайық, Құлахмет әуесқойлар арасында 2019 жылғы Азия чемпионы. Дәл сол жылы ол әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін ол 10 шілде күні Алматы қаласында өткізіп, оныншы раунда ресейлік Алексей Евченконы (19-15, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама