Ертең, 18 желтоқсан күні қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) Канаданың Монреаль қаласында мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альвареске (28-10, 20 КО) қарсы кездесу өткізеді. Бұл айқасты Қазақстанда тікелей эфирде көрсетеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Канададағы бокс кешін "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 30 жастағы боксшының айқасына тікелей эфир таңғы жетіде басталады.
Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты айқасында жатырлай ауыр салмақтағы WBC/IBF белбеуінің иегері ресейлік Артур Бетербиев (16-0, 16 КО) америкалық Маркус Браунға (24-1, 16 КО) қарсы белбеулерін қорғайды.