8o7MqQmmCHCN8XHdkBzgyn2RXPKc7sVmS0UubSN0
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жүкембаев пен Құсайынов келесі жекпе-жектерін Нью-Йоркте өткізетін болды

Жүкембаев пен Құсайынов келесі жекпе-жектерін Нью-Йоркте өткізетін болды
©Facebook
Кәсіпқой бокста бақтарын сынап жүрген отандастарымыз Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары Давида Лемье мен Кертис Стивенс арасында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Менеджеріміз Анна Рева біздің бұл бокс кешінде жұдырықтасуымыз туралы қазіргі уақытта келіссөз жүргізіп жатыр, - дейді Құсайынов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

- Егер келісімге келсеңіздер, бұл сіздердің АҚШ жеріндегі бірінші жекпе-жектеріңіз болады. Қобалжып жатқан жоқсыздар ма?

- Бұл бокс кешінде бір ғана орын бар екен. Яғни, не мен, не Батыр жұдырықтасу керек. Қазірше кімнің жұдырықтасатыны белгісіз болып тұр. Бірақ осы бокс кешінің аясында біреуіміз шаршы алаңға шығамыз деп үміттеніп отырмыз. Қайсысымыз жұдырықтассақ та, жақсы бокс көрсетуге тырысамыз. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Батыр Жүкембаев та, Абылайхан Құсайынов та жекпе-жектерін Канада жерінде өткізіп жатыр. Бірінші орта салмақта өнер көрсететін 25 жастағы Жүкембаев кәсіпқой бокста осы уақытқа дейін сегіз кездесу өткізіп, жетеуін уақытынан бұрын аяқтады. Ал Құсайынов болса бес кездесу өткізіп, оның төртеуінде қарсыластарын нокаутқа түсірді. 

Еске сала кетейік, канадалық Давид Лемье мен америкалық Кертис Стивенс арасындағы жекпе-жек 11 наурық күні, Нью-Йорк қаласында өтеді. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар