"Жолы болмаған боксшы". Маман Қанат Ислам жайлы

©Qazaq team

ЕSPN порталының латынамерикалық бөлімінің тілшісі Фернандо Барбоза Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 KO) мен аргентиналық Хваьер Франсиско Масьель (34-17, 24 КО) арасындағы айқас қалай аяқталатынын айтты. 

Бұл кездесу 7 қазан күні Плант-Сити (АҚШ) қаласында өтеді. 

"Қанат Ислам - жолы болмаған боксшы. Бірнеше жыл бұрын ол чемпиондыққа жақын болған еді. Алайда бірнеше себепке байланысты ол чемпиондыққа жете алмады. Қазір ол мықты емес. Жасы келіп қалды. Кәсіпқой бокстағы уақыты да аз қалды. Масьельге қарсы кездесу оңай болуы керек. Егер осы жекпе-жекте жарқын жеңіске жетсе, ол көпшіліктің назарын тағы өзіне аудара алады. 

Тіпті чемпиондардың да назарын өзіне аударуы мүмкін. Бірақ мен оған сенбеймін. Ол үшін екі не үш кездесуде жеңіс керек. Егер ол чемпион бола алса, карьерасын сол кезде аяқтағаны дұрыс", - деді Барбоза. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар