Профи-бокс
7 маусым 2021 17:27

"Жеңсе чемпиондыққа он қадам жақындайды, жеңілсе...". Америкалық маман Жәнібек Әлімханұлының келесі айқасы жайлы

Сурет: Top Rank©

Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) америкалық Роб Брантқа (26-2, 18 КО) қарсы кездесуге келісім беріп, үлкен тәуекелген барып отыр. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Boxingtalk.com порталының шолуысы Иван Монтиэль осындай пікір білдірді.

"Мен Әлімханұлының жекпе-жектерін көрдім. Ол өте мықты боксшы. Бірақ ол кәсіпқой бокста бар-жоғы тоғыз ғана кездесу өткізді. Оның үстіне ол Брант секілді мықты қарсыласпен кездеспеген. Роб - әлемнің бұрынғы чемпионы. Ол Муратаны жеңген. Мықты боксшыларға қарсы кездесу өткізген. Орта салмақтың үздік боксшыларының қатарында. Бұл екі боксшы үшін де маңызды айқас болады. Егер Әлімханұлы жеңіске жетсе, чемпиондыққа бір емес он қадам жақындайды. Ал жеңілсе, оның осы деңгейге қайта көтерілуі қиын", - деді Монтиэль. 

Айта кетейік, бұл кездесу 26 маусым Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өтеді. Айқас он раундқа жоспарланған. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани 19-1, 13 КО) жұдырықтсады. 

Боб Брант 2018 жылы Риота Муратаны (14-2, 10 КО) жеңіп, WBA Regular белбеуін жеңіп алады. Алайда арада бір жыл салып қарымтада ол нокаутқа түсіп қалды. Америкалық боксшы соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың тамызында шығып, украиналық Виталий Копиленконы (28-3, 16 КО) жеңді. 

Еске салайық, Әлімханұлының да, Бранттың да жекпе-жектерін Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.