auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жеңіс Джейкобсқа тиесілі! Генаға бокстан кету қажет - Қуат "Найман" Хамитов

Жеңіс Джейкобсқа тиесілі! Генаға бокстан кету қажет - Қуат "Найман" Хамитов
НВО телеарнасының суреті
Қазақстандық ережесіз жекпе-жек майталманы Қуат "Найман" Хамитов орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Жеңіс құтты болсын! Бірақ 5-7 раундтарда Джэйкобс басымдық танытты. Бір нокдаун бар. Бұл ең жоқ дегенде тең есеп еді! Міне, не үшін Головкин - Уорд жекпе-жегін көре алмайтынымыздың себебі. Генаға бокстан кету қажет! Жасы келді", - деп жазыпты Хамитов Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешеніндегі өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин қарсыласы Дэниэл Джейкобсты 12 раунд нәтижесінде ұпай санымен тізе бүктірді.

Жекпе-жекті екі босшы да сақ бастады. Головкиннің әдеттегідей шабуылға толық басымдықты бермей, қорғанысты да назарға алды. Бір-бірінің осал тұсын аңдыған боксшылар бір-екі сәтте жойқын соққы алмасты. Джейкбос оңай шағылар жаңғақ емесін дәлелдегендей. Қазақстандық боксшы рингте бірінші нөмірмен жұдырықтасса, Дэниэл қарымта шабуылдарда қарсыласын талдыруға барынша тырысты. Дегенмен төртінші раундта қорғанысты ұмыт қалдырған Джейкобстың қателегінін GGG пайдаланды. Головкиннің жойқын соққысынан кейін америкалық боксшы нокдаунға түсті. Алайда төреші жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді. Қазақстандық боксшы қарсыласын соққының астына алуға тырысқанмен Джейкобс сауатты қорғана білді. Осылайша жекпе-жек 12-раундқа созылды. Геннадий Головкин қарсыласын соққының астына алып, кездесу уақытынан бұрын аяқтауға тырысқанмен Дэниэл Джейкобс осал қарсылас еместігін дәлелдеді.

Осылайша, GGG мансабындағы 37-ші жеңісіне жетті. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы мансабында 36 кездесуде жеңіске жетіп, бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген. Оның 33-ін уақытынан бұрын аяқтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама