Профи-бокс
19 ақпан 2017 21:51
 

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді Айдар Шәріпбаев. Сурет vk.com/kazproboxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәріпбаевтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

27-жастағы былғары қолғап шебері 17 наурыз күні АҚШ-тың Майами қаласында жекпе-жек өткізеді. Әзірге қарсыласының кім болатыны белгісіз. Қазіргі таңда Шәріпбаев Майами қаласындағы Moro's Gym дайындық орталығында жаттығу жұмыстарын жасап жатыр.

Айта кетейік, Айдар Шәріпбаев 2014 жылы кәсіпқой бокстағы мансабын бастаған болатын. Барлығы төрт кездесу өткізіп, оның үшеуін уақытынан бұрын аяқтаған. Соңғы рет 29 қазан күні Алматы төрінде мексикалық боксы Хуан Окураға (13-9-1, 6 KO) қарсы жекпе-жек өткізген.

Майамидегі жекпе-жек қазақстандық боксшы үшін АҚШ-тағы алғашқы кездесуі болмақ. Осыған дейін Шәріпбаев бір жекпе-жегін Доминикан елінде және үшеуін Алматы мен Астана қалаларында өткізген.

blog.share
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәріпбаевтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі.

27-жастағы былғары қолғап шебері 17 наурыз күні АҚШ-тың Майами қаласында жекпе-жек өткізеді. Әзірге қарсыласының кім болатыны белгісіз. Қазіргі таңда Шәріпбаев Майами қаласындағы Moro's Gym дайындық орталығында жаттығу жұмыстарын жасап жатыр.

Айта кетейік, Айдар Шәріпбаев 2014 жылы кәсіпқой бокстағы мансабын бастаған болатын. Барлығы төрт кездесу өткізіп, оның үшеуін уақытынан бұрын аяқтаған. Соңғы рет 29 қазан күні Алматы төрінде мексикалық боксы Хуан Окураға (13-9-1, 6 KO) қарсы жекпе-жек өткізген.

Майамидегі жекпе-жек қазақстандық боксшы үшін АҚШ-тағы алғашқы кездесуі болмақ. Осыған дейін Шәріпбаев бір жекпе-жегін Доминикан елінде және үшеуін Алматы мен Астана қалаларында өткізген.

Жарнама

Живи спортом!